Хаттама №2

Қатынасқандар-7       6.11.2020 жыл

  1. Айткулова Акбобек- мектеп директоры
  2. Жұмағалиев Наурызалы- қамқоршылық кеңес төрағасы
  3. Сапарова Орынай- кеңес мүшесі
  4. Кубашева Самал- кеңес мүшесі
  5. Бегайсов Сержан- кеңес мүшесі
  6. Жаналиев Рауан- Қосшағыл ауылдық учаскелік полиция қызметкері
  7. Таласбаева Гүлнар- әлеуметтік педагог, хатшы

 

Күн тәртібінде:

  1. Президент шыршасына қатынасатын оқушыны анықтау

 

Тыңдалды:

  1. Мектеп директоры- А.К.Айткулова

 

Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе бойынша оқушыларымыздың ішінен Президент шыршасына баруға Сәрсенбаев Арсен Ерболұлын ұсынғымыз келіп отыр. Себебі оқушы біріншіден интернат тәрбиеленушісі сонымен қатар ата-анасы ажырасқан яғни бір ата-ана тәрбиесіндегі бала. Екіншіден оқу екпіндісі. Негізгі тұрғылықты мекені Құлсары қаласы 3 ықшам ауданы 50 үй 5 пәтерде тұрады. Мектепішілік «Зияткерлік олимпиядасының» 5-6-сынып оқушылары арасындағы байқау жеңімпазы, облыстық «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбындағы жобалар байқауына қатынасып, алғыс хатпен марапатталды. Арсенге осындай мінездеме бере отырып, осы кеңесте талқылап, бір шешім шығаруларыңызды сұраймын.

  1. Жұмағалиев Наурызалы- қамқоршылық кеңестің төрағасы.

 

Құрметті кеңес мүшелері, мектеп басшылық мәліметін тыңдадық, түсінгенімізші бала бұрын президент шыршасына бармаған және әлеуметтік жағдайына қарай да сай келіп тұр. Мен қолдаймын. Еш қарсылығым жоқ.

  1. Сапарова Орынай- кеңес мүшесі

 

Мен де қолдаймын. Өзі оқу екпіндісі. Әрі түрлі шаралары қатынасып жүрген оқушы болса лайықты деп ойлаймын.

 

Ұсыныс:

  1. Сәрсенбаев Арсеннің облыстық шыршаға қатыстырылуын ұйымдастыру әлеуметтік педагог Таласбаева Гүлнарға міндеттелсін.

 

Қамқоршылық кеңесі төрағасы: Н.Жұмағалиев

Хатшы: Г.Таласбаева