«№2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Қамқоршылық кеңесі

I- отырысының хаттамасы

 

Мерзімі:28 тамыз 2021                                     Қатысқандар: 9 адам (қамқоршылық   кеңесінің мүшелері)

 

Күн тәртібі:

  1. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру.

Жауапты:  А.Айткулова мектеп директоры

2.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасыларына интернат оқушыларына материалдық көмек көрсетілу

Жауапты:  Г.Таласбаева  әлеуметтік педагог

  1. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру

Жауапты:  Г.Таласбаева  әлеуметтік педагог

 

Тыңдалды.

  1. Күн тәртібінің мәселесін әлеуметтік педагог Г.Таласбаева таныстырды. Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері биылғы оқу жылында «Мектепке жол» акциясы бойынша интернат тәрбиеленушілеріне аз қамтылған отбасы балаларына сырт киім куртка мен аяқ киім беруді ұйғарып отырмыз.Сіздердің алдарыңызға әр баланың әлеуметтік картасын ұсына отырып қай баланың алуға тиісті екендігін зерделеп берулеріңізді сұраймын.Куртканың бағасы 11500,аяқ киім бағасы 7900 теңгені құрайды.Куртканы 28 оқушыға,етік 12 оқушыға берілгері отыр.Барлығы 30 оқушы қамтылды.
  2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Г.Таласбаева сөз алады.Құлсары қаласындағы «Парадайс» мейрамханасының меңгерушісі 100000 теңге тұратын интернаттың 4оқушысына (Рахманова.Н, Рахманов.З, Азатұлы.Ж, Азатқызы.А) оқу құралын, мектеп киімін алып берді. Құлсары қаласының жастары интернаттың 30 оқушысы оқу құралымен қамтыды. Қосшағылдың жеке кәсіпкері Шаңдыбаева Эльмира интернаттың 2 оқушысын (Алдоңғар.И, Амангелді.Г) оқу құралы мен мектеп формасымен қамтыды.
  3. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Г.Таласбаева жаңа оқу жылында әлеуметтік мәртебеге ие интернатта 30(отыз)оқушы бар. Оның 7(жеті) жартылай жетім, 15(он бес)ажырасқан, 2(екі)аз қамтылған, 1(бір)көп балалы, 5(бес)жалғыз басты ананың оқушылары,мектеп асханасынан ыстық тамақ ішеді.
  4. Қамқоршылық кеңесінің төреағасы-Жұмағалиев Наурызалы

          Бүгінгі қамтылған мәселелердің барлығына да келісемін.Берілген заттардың,киімдердің барлығы балалардың әлеуметтік деңгейіне сай бөлінген деп есептеймін.

 

Ұсыныс:

  1. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жүйелі ұйымдастыру жолға қойылсын.
  2. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақпен,киіммен қамтамасыз етуді жолға қою жүзеге асырылсын.

 

 

Жиналыс төрағасы:                              Жұмағалиев Наурызалы

 

Хатшы:                                                 Кубашева Самал