Хаттама № 2

2019 ж  17 қаңтар                                                         Қатынасқандар-237 оқушы

Күн тәртібінде:

  1. Атырау газетінің №92 санында жарияланған Міндетті мектеп формасы – заңды талап атты мақаланы оқушылар арасында талқылау

 

Тыңдалды.

  1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Жұмақшамова сөз алды.

Мектеп формасы мен оған қатысты көзқарас сан алуан. Біреулер мектеп формасын тәртіпке баулудың мүмкіндігі десе, енді біреулер ерікті тұлғаға ерте жастан жасалған қысым деп санайды.

Ең алдымен, мектеп формасының бірыңғай үлгісінің болуының маңыздылығына тоқталып өтейік. Бұның  бірнеше себептері бар.

Қазақстан – әлем мойындаған зайырлы мемлекет. Ал мектеп - мемлекеттік мекеме. Осыған орай кез-келген азамат мемлекеттің заңына бағынады. Мемлекет әр азаматтың тегін білім алуына мүмкіндік жасай отырып, оның жан-жақты дамуын қолдайды. Сонымен қатар мектеп қабырғасында білім алатын әр оқушы тең құқылы.

Екіншіден, әр отбасының әлеуметтік жағдайын ескерген дұрыс. Ата-аналар балаларын табыстарына қарай (қымбат немесе арзан) киіндіреді.Осы кезде ата-ана, оқушылар арасында психологиялық, әлеуметтік әртүрлі кедергілер туындайтынын жоққа шығара алмаймыз.

Үшінші – қоғамдағы діни ахуал. Мысалы, мектептерде мұсылман орамалымен, христиан өздерінің діни киімімен, яхуди өздерінің ритуалдық киімдерімен сабаққа келсе, бұл жерде конституциялық бірегейлікке де, конфессияаралық төзімділікке де  қайшы жағдайлар туындауы мүмкін.

Сондықтан да, мектептің мемлекеттік мекеме екенін ескере, ең бастысы мемлекеттігіміздің негізгі ұстанымы болған зайырлылық талаптарына сай,  мектеп оқушылары бірыңғай формада киініп жүрулері талап етіледі.

Ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша мемлекетіміздің  заңдары мен өзге де нормативтік құжаттарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Мектеп формасының да өзіндік әлеуметтік-тұлғалық ақаратын қызметі, өзіндік жауапкершілігі бар. Біріншіден, кез келген форма белгілі бір мекемеге қатыстылықты білдіретіндіктен, тұлғаға сол мекеме алдындағы жауапкершілікті жүктейді. Екіншіден, форма – құқықтық қатынастар шегін айқындайтын бақылау құралы. Қарапайым мысалмен айтсақ, мектеп формасындағы бала сабақ уақытында көшеде жүрсе, кез келген полиция қызметкерінің оның мән-жайын сұрап, қадағалауға құқығы бар.

 

  1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп психологы А. Баданова сөз сөйледі.

 Мұнымен қатар, классикалық үлгідегі киімдер психологиялық деңгейде тәртіпке шақырып, үлкен өмірге дайындайды. Бұл мектеп формасының жақсы жағы десекте болады. Жастардың еліктеуге бейімдігін, бірінен бірінің қалғысы келмеуге тырысатындығын ескерсек, олардың мектеп ережесіне бағынуына мүмкіндік беретінде осы форманың бірыңғай үлгіде болуы. Ал мектеп формасы өз кезегінде жастарды еліктеушілік фанатизмнен сақтандырады сонымен қатар отбасылық бюджетті үнемдейді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миистрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен, білім беру мекемелерінің Жарғысымен белгіленген міндетті  мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, сондай-ақ білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндеттелінді.

Конституция ең басты құқықтық қағидаттарды айқындайды. Ал онда айтылған азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерді салалық заңдар белгілейді. Құқықтар мен міндеттерге байланысты болатын немесе оларды шектеуі мүмкін қатынастар да дәл осы салалық заңдарда көрсетіледі. Сондықтан конституциялық және өзге де заңнамалық нормаларға сүйене отырып «Білім туралы заң» да өз саласындағы тиісті құқықтық қатынастарды айқындады. Оның ішінде білім алушылардың мектеп формасын сақтау міндеттілігі де бар.

Демек, Білім туралы заңның білім мекемесінің ішкі тәртібін сақтау мақсатында мектеп формасына қойған талаптары азаматтардың ар-ождан бостандықтарын бұзбайды, керісінше олардың заңнамалық нормаларға кең түсінікпен, ашық азаматтық тұрғыдан қарауын міндеттейді. Әр азаматтың заң қағидалары ар-ождан бостандығын қамтамасыз етумен қатар мемлекет алдындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді қоса жүктейтінін есте сақтағаны дұрыс.

 

Сөйлеуші: 9-сынып оқушысы-Жайшылықова Н:

 Иә бірыңғай мектеп формасы туралы заңды талап менің көңілімнен шығады. Осындай форма арқылы оқушылар өздерін жақсы сезіне алады. Сырт көздің айтуынша да бірдей боп жүру тартымдылық пен бірыңғай тәртіптің көрінісі бола алады деп есептеймін.

 

Атшығали Гүлжайна  10-сынып оқушысы:

Бұл тақырып өте маңызды құнды тақырып деп есептеймін. Бірыңғай формада киіну біріншіден, біздің оқушы екендігіміздің дәлелі болса, екіншіден үйдегі экономикаға өзіндік үлесімізді қоса аламыз. Үшіншіден, оқушылар арасында психологиялық тепе-теңдік жүзеге асады. Мен міндетті мектеп формасын қолдаймын.

 

 

Жиналыс төрайымы :                                                         А.К. Айткулова

Хатшысы:                                                                                 Н.Х. Бақытжанова