Хабарлама №2 жалпы орта білім беретін мектептің 1-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатының мақсаты: оқушылардың бойында негізгі төрт құндылықты қалыптастыра отырып сыбайлас жемқорлықпен жүргізіліп жатқан белсенді күрес туралы мағлұмат беру. «Адалдық қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі-сол» деген Абай Құнанбайұлының даналық ойын 11 сынып оқушылары бүгінгі заман көзқарасымен орайластырып, пікірталас құра білді. Сынып жетекшісі Бекішбаева Гүлзифа пікірталасқа қатынасқан оқушылардың ойларына жеке- жеке тоқталып, қорытынды тұжырым жасай білді. «Бақыттың мәні- парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсатпен кездейсоқ рақат үшін емес, адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» деген Әл-Фарабидің сөзін 10 сынып оқушылары өз ұстанымдары етіп қоятынын мәлімдеді. 9 «г» сыныбында сынып жетекшісі Темирова Элмира Абай Құнанбаевтың «Кімде- кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ»,- деген афоризм сөзін ауызша интервью әдісі арқылы аша білді. Барлық сыныпта «Адалдық сабағының» танымдық маңызы зор болды. Мектеп директоры: Айткулова А.К.